Skip to content

WorldSkills Pavlodar -2024 аймақтық чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау

4 алтын медальді облыс әкімі Асайын Байханов Павлодар сервис және тамақтану колледжінің студенттеріне “Worldskills Pavlodar -2024″өңірлік чемпионатының қорытындысы бойынша табыс етті! Ұлттық чемпионаттың алтын чемпионы Лейман Артур 2024 жылдың қыркүйегінде Францияда өтетін Әлем чемпионатының ұлттық құрамасына кірді. 04.06.2024 ж. Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында “Worldskills Pavlodar -2024” өңірлік чемпионатының жеңімпаздарына салтанатты құрмет көрсетілді. Павлодар сервис және тамақтану колледжінің студенттері 4 құзыреттілік бойынша 1 орынды иеленді: мейрамхана сервисі – Зейнулла Санжар, Кондитерлік іс – Иманкулова Тамирис, Аспаздық іс – Кенжабаева Аружан, Қонақ үй-ресепшионисті – Красаев Глеб. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз және Ұлттық чемпионаттан алтын медальдар әкелуді тілейміз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған