Skip to content

Облыстың ата-аналар Альянсының отырысында Аналар кеңесі мен Әкелер кеңесі арқылы колледждің тәрбие жұмысының тәжірибесін жинақтау

1 наурыз алғыс айту күні Павлодар сервис және тамақтану колледжінің базасында Павлодар облысының ата-аналар Альянсының кездесуі өтті. Оған облыстың ата-аналар Альянсы, колледждердің және мектептердің тәрбие ісі жөніндегі басшысының орынбасарлары, қала және ауданның білім беру бөлімдерінің бас мамандары қатысты.

Іс шараның пленарлық бөлімінде білім беру басқармасының тәрбие бөлімінің бас маманы Гүлсім Рамазанова барша жиналған қауымды көктемнің алғашқы мейрамы алғыс айту күнімен құттықтап, білім беру ұйымдарының ата-аналар қауымдастығының өзара қарым-қатынасының негізгі бағыттарына тоқталды.

Іс шара барысында облыстың ата-аналар Альянсының төрайымы Данара Шокаева, «Тәрбие алаңы» жобалық кеңсесінің психологі Валентина Бахтина, колледж басшысы Гүлмира Шұғабаева ортаға сөз салды.

Колледждің ата-аналар кеңесі қазақтың ұлттық дәстүрлері «Сәлем беру», «Беташар» салттарын сахна төрінде көрсетті.

Іс шараның екінші бөлімінде «Бес асық» және «Қол өнер» ұлттық ойындар секциясында колледждің Әкелер кеңесінің мүшесі Ғабдолла Иманғалиев ағаштан жасалған ыдыс аяқтар мен бұйымдардың жасалу жолын көрсетті.

Колледждің музыка пәнінің мұғалімі «Домбырада ойнау» шеберлік сабағын өткізді. Колледж басшысы Гүлмира Шұғабаева қонақтарға «Табақ тарту» дәстүрін көрсетті. Сондай-ақ, студенттер «Мерекелік құймақтар», «Қонақ үй бизнесі», «Ұлттық стильдегі мейрамхана қызметі» жайлы шеберлік сабақтарын өткізді. Сонымен қатар, қонақтарға колледж бойынша экскурсия жүргізілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған