Skip to content

“Халықаралық меморандумға Павлодар сервис және тамақтану колледжі мен Пенза тамақ өнеркәсібі және коммерция колледжі қол қойды”

Пенза тамақ өнеркәсібі және коммерция колледжінің басшысы Е.В.Арефьеваның шақыруымен орта кәсіптік білім беру саласындағы іскерлік ынтымақтастық туралы халықаралық меморандум жасалды. Өндірістік оқыту шебері Григорьева Ирина Анатольевна және “Кондитерлік іс” құзыреттілігінде өңірлік чемпионаттың жүлдегері Иманкулова Томирис “Сладкий май” халықаралық кондитерлік шеберлік фестиваліне қатысқаны үшін губернатордың қолынан  диплом мен алғыс алды. Фестиваль 2024 жылғы 15-17 мамыр аралығында облыс губернаторы О.В.Мельниченконың қатысуымен өтті. Фестивальде Қазақстаннан тек біздің колледж және Беларуссиядан бір колледж ғана қатысты. Фестиваль аясында ММУТУ профессоры, Мәскеу аспаздық ассоциациясының президенті Т.Н.Шарова(Мәскеу), Мәскеу аспаздық ассоциациясының тану белгісінің кавалері, бренд-шеф кондитер Л.Ю.Букина(Мәскеу) шеберлік сағаттарын өткізді. Мұндай фестивальдің дипломдары-болашақ кондитердің портфолиосындағы айрықша белгі, ал оқытушының – өз жұмысын бағалау және білім беру процесінің тиімділігінің көрсеткіші. Пенза колледжі 80 жыл бойы тамақ және қызмет көрсету саласы үшін жұмысшы кадрларды даярлайды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған