«Junior Skills» өңірлік конкурсы
Павлодар қаласының 15-17 жас аралығындағы оқушылары арасында «Junior Skills» өңірлік байқауы Павлодар сервис және тамақтану колледжінде 2023 жылдан бастап жыл сайын «Кондитерлік іс» және «Мейрамхана сервисі» құзыреттіліктері бойынша өткізіледі.
«Junior Skills» мақсаты - чемпионатқа барынша жақын жағдайда оқушыларға жұмыс кәсібін игеру деңгейін көрсетуге мүмкіндік беру.
Junior Skills Pavlodar-2023

30.03.2023 ж. Павлодар сервис және тамақтану колледжінде Павлодар қаласының оқушылары арасында JuniorSkills өңірлік байқауы өтті. Конкурс жыл сайын жалпы орта білім беру мекемелерінің оқушылары арасында кәсіптік бағдарлау жүйесін жетілдіру, оқушылардың кәсіптік құзыреттіліктерінің негіздерін игеру үшін мүмкіндіктер жасау мақсатында өткізіледі.

Байқау қорытындысы бойынша Аманжол Шамкенов атындағы №16 мектеп-лицейінің оқушысы Серикпаева Амина 1 орын алды, 2 орынды «Павлодар қаласының №27 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ оқушысы Амангелді Алтынай, 3 орынды «Павлодар қаласының гимназиялық сыныптары бар №39 инновациялық үлгідегі жалпы білім беретін орта мектебі» КММ оқушылары Нурханов Алемхан және «Павлодар қаласының Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» ММ оқушысы Атығаева Бахар иеленді. Оқушыларға дипломдар, блендер және тәтті сыйлықтар, тәлімгерлерге Алғыс хаттар табыс етілді.


Junior Skills Pavlodar - 2024
2024 жылдың 27 наурызында Павлодар сервис және тамақтану колледжінде «Junior skills Pavlodar – 2024» өңірлік байқауы өтті. Конкурстың мақсаты: оқушылардың жеке кәсіби тәжірибесін қалыптастыру және ерте кәсіптік бағдарлау шеңберінде нақты кәсіби жағдайларды түсіну, жұмысшы кәсіптерінің беделін дәріптеу, өңірдегі кәсіптік даярлық пен біліктіліктің мәртебесі мен стандарттарын арттыру.
Жарыс бағдарламасына мыналар кіреді:
1. Модуль - Бистро қызметі.
- Зығыр майлықтарды 10 түрлі жолмен бүктеу.
2. Модуль - банкет-буфет.
- Үстелді орнату.
3. модуль - банкет-буфет.
- Қонақтарға қызмет көрсету.
Қатысушылар - Павлодар қаласы мектептерінің 9 сынып оқушылары:
- №11 ЖОБМ – Шриок Вероника
- С.Торайғыров атындағы ЖОБМ – Рубленко Арина, Казмала Милана
- №35 ЖОБМ – Базарбай Ерсұлтан
- "Тең мүмкіндіктер әлемі" қоғамдық қоры, тәлімгері - Золотых Людмила Степановна, қатысушы - Золотых Николай Геннадьевич.



Junior Skills Pavlodar - 2025
2025 жылғы 27 наурызда Павлодар сервис және тамақтану колледжінде жұмысшы мамандықтар жылы аясында Павлодар қаласының 15-17 жас аралығындағы оқушылары арасында «Junior Skills Pavlodar-2025» өңірлік байқауы өтті.
Байқауға Павлодар қаласы мектептерінің оқушылары қатысты:
- №7 ЖОББМ - қатысушы Құралбек Меирсана Меиржанқызы;
- №41 ЖОББМ – қатысушылар Сагайдак Виктор Иванович, Гельм Данил Николаевич;
- № 35 ЖОББМ-қатысушы Желдібай Танірберген.
- Павлодар облысының бас сарапшысы, техника ғылымдарының магистрі Садриденова Альмира Маратовна.
Қазылар алқасының құрамында: Сарсембаева Гюзаль Маратовна, ПСжТК арнайы пәндер оқытушысы, Лейман Артур Юрьевич, 2023 жылғы түлек, "WorldSkills Kazakhstan-2023" Ұлттық чемпионатының алтын медалі, "Ұлттағы үздік" номинациясы бойынша Әлем чемпионатының жүлдегері, Зейнулла Санжар Серикович, "WorldSkills "Ұлттық Kazakhstan-2024" чемпионатының алтын медалінің иегері "Мейрамхана сервисі" құзыреттілігі, "Қазақстан Республикасы колледждерінің Топ-100 студенті" республикалық конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпазы.


Іс – шараның әлеуметтік серіктесі және демеушісі – «Santos kebab & coffee house» кафесінің бас директоры Айгуль Набиевна Алькенова.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар грамоталармен және көтермелеу сыйлықтарымен марапатталды.

