27 наурызда Павлодар сервис және тамақтану колледжінде Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Павлодар қаласының 15-17 жас аралығындағы оқушылары арасында "Junior Skills Pavlodar-2025" өңірлік байқауы өтті.
Байқауға Павлодар қаласы мектептерінің оқушылары қатысты:
№7 ЖОББМ - қатысушы Құралбек Меирсана Меиржанқызы;
№41 ЖОББМ – қатысушылар Сагайдак Виктор Иванович, Гельм Данил Николаевич;
№ 35 ЖОББМ-қатысушы Желдібай Танірберген.
Павлодар облысының бас сарапшысы, техника ғылымдарының магистрі Садриденова Альмира Маратовна.
Қазылар алқасының құрамында: Сарсембаева Гюзаль Маратовна, ПСжТК арнайы пәндер оқытушысы, Лейман Артур Юрьевич, 2023 жылғы түлек, "WorldSkills Kazakhstan-2023" Ұлттық чемпионатының алтын медалі, "Ұлттағы үздік" номинациясы бойынша Әлем чемпионатының жүлдегері, Зейнулла Санжар Серикович, "WorldSkills "Ұлттық Kazakhstan-2024" чемпионатының алтын медалінің иегері "Мейрамхана сервисі" құзыреттілігі, "Қазақстан Республикасы колледждерінің Топ-100 студенті" республикалық конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпазы.
Іс – шараның әлеуметтік серіктесі және демеушісі - "Santos kebab & coffee house" кафесінің бас директоры Айгуль Набиевна Алькенова.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар грамоталармен және көтермелеу сыйлықтарымен марапатталды.





