Павлодарский колледж сервиса и питанияПавлодарский колледж сервиса и питанияПавлодарский колледж сервиса и питания
+7 (7182) 53-31-36
pksip_15@mail.kz
Павлодар, Олжабай батыр көшесі, 9/1
Павлодарский колледж сервиса и питанияПавлодарский колледж сервиса и питанияПавлодарский колледж сервиса и питания

«Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша «Abilympics Pavlodar-2025»

Павлодар сервис және тамақтану колледжі базасында жұмысшы мамандықтар жылы және кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 26 наурызда «Abilympics Pavlodar-2025» бағыты бойынша «Аспаз ісі» құзыреттілігінде «WorldSkillsPavlodar-2025» өңірлік чемпионаты басталды. Бұл бағыттар өңірде 2022 жылдан бастап жүзеге асырылуда.

«Abilympics Pavlodar-2025» байқауының мақсаты – ерте кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде нақты кәсіби жағдайларды түсіну, жұмысшы мамандықтарын дәріптеу, кәсіптік даярлық пен біліктіліктің мәртебесі мен стандарттарын арттыру арқылы білім алушылардың жеке тәжірибесін қалыптастыру.

Бағдарлама барысында жас аспаздар көкөніс гарнирі бар тауықтың негізгі ыстық тағамын дайындауда бақ сынады.

  Байқауға аспаздық әуесқойлар қатысады.

Павлодар облысы білім басқармасының «№1 балабақша-мектеп-интернаты» арнайы кешенінің тәрбиеленушілері:

– Фертова Мария Валентиновна,

– Роппель Валерия Федоровна.

Тәлімгер - Ермекбаева Ботагөз Шапиқызы.  

Павлодар қаласының № 15 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары: 

– Ольков Никита Владимирович,

– Телегина Милана Сергеевна,

– Степчихина Арина Юрьевна.

Тәлімгер-Аширбекова Айнұр Сәрсембайқызы.

Қазылар алқасының бас сарапшысы-ұлттық чемпионаттың сарапшысы, өндірістік оқыту шебері Арынова Акмарал Кадыровна.

Байқау жеңімпаздары грамоталармен және көтермелеу сыйлықтарымен марапатталды.

Қоңырауға тапсырыс беру
+
Қоңырау күтемін!
kk