Skip to content

“Қазан колледжімен меморандумға Павлодар сервис және тамақтану колледжі қол қойды”

2024 жылғы 19 мамырда Павлодар сервис және тамақтану колледжі мен Қазан сауда-экономикалық техникумы тараптардың кәсіптік – техникалық білім беру саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастығы туралы Меморандумға қол қойды. Жасалған келісім шеңберінде 20-31 мамыр аралығында техника ғылымдарының магистрі, Павлодар облысының мейрамхана сервисі бойынша бас сарапшысы Садриденова Альмира Маратовна және “WorldSkills Kazakhstan -2023” Ұлттық чемпионатының жеңімпазы, 3 курс студенті Лейман Артур Ресей Федерациясының Татарстан сауда-экономикалық техникумының (МАКБМ) қолданбалы біліктілік орталығында кәсіби біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша  50 академиялық сағат көлемінде “Мейрамхана сервисі” құзыреттілігін ескере отырып, “Орта кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру практикасы мен әдістемесі” оқуын өтті Бағдарлама теориялық материалдан және “Мейрамхана сервисі”: “Банкет”, “Бистро-сервис”, “Фуршет” құзыреттілік модульдерін тәжірибелік пысықтаудан тұрды. Практикалық жұмыс аяқталғаннан кейін модульді бағалау критерийлері бойынша орындалған жұмысты талдау жүргізілді. Оқу аяқталғаннан кейін куәлік беріле отырып, демонстрациялық емтихан тапсырылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған