Skip to content

“Дела рук-2023” байқауының жеңімпаздары –Павлодар сервис және тамақтану колледжінің студенттері

2023 жылғы 8-10 қарашада Шымкент қаласында “ДелаРук-2023” XII Халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті.

Павлодар сервис және тамақтану колледжінің студенттері Бота Еркемай, Кенжабаева Аружан және Мусина Альмира R1-юниорлар командалық қатысуы номинациясында 1 – орынды иеленді.

Қазақстанның барлық облыстарынан келген аспаз студенттер “Аспаздық іс” және “Кондитерлік іс” құзыреттерінде сайысқа түсті.

ПСжТК командасы “мусс жастығындағы қытырлақ асшаяндарды” ұсынды “Тәтті соусы бар шырынды орамды” және “a la’ Karamel” ірімшігі кондитерлік өнімін дайындауда тамаша дағдыларын көрсетті.

Байқауға қатысушылардың жеңісіне өндірістік оқыту шеберлері – Арынова Акмарал Кадыровна, Копаева Лаура Сержановна, Алигожина Айгерим Ерсаиновна және Кузякина Ольга Федоровна үлкен үлес қосты.

Байқау жеңімпаздарын дайындаудың жоғары деңгейін қазылар алқасының төрайымы Германиядан келген Аспаз Светлана Оленбургер атап өтіп, байқаудың барлық қатысушыларына жаңа жеңістер мен жоғары жетістіктер тіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған