Skip to content

Аспаздық іс” құзыреттілігі бойынша”BabySkills” аймақтық чемпионаты

28 наурызда ” Павлодар сервис және тамақтану колледжінде” 4 жастан 7 жасқа дейінгі балаларға арналған “BabySkills Pavlodar – 2024” өңірлік байқауы өтті. Байқауға “Павлодар қаласының №33 бөбекжай-бақшасы” КМҚК, “Павлодар қаласының №102 бөбекжай-бақшасы” КМҚК, Павлодар қаласының №39 ЖОББМ балалары қатысты.

 Жарыс балалардың жасын ескере отырып, 2 сағаттан аспады.

Конкурстың мақсаты: ерте кәсіптік бағдар беру, 3 жастан 10 жасқа дейінгі балаларға “Аспаздық іс” құзыретіне қарапайым ұсыныстарды көрсету.

Бағдарлама мыналардан тұрды:

– Пицца қамырын дайындау

– Бұйымды ресімдеу және беру

– Қатысушының дайындалған өнімді көрсетуі.

7 қатысушы болды:

1.Айтуар Дамели

2.Құлжабай Айзере

3.Абельбеисова Адема

4.Ерсайын Аяла

5.Дулат Бағызор

6. Капанова Айя

7. Капанова Айлин

Қазылар алқасының мүшелері:

– Жантемирова Умут Ерлановна – “Ертіс” МК ЖШС SUNSET мейрамханасының технологы

– Нургазинов Асет Ахметович – аға шебер

 – Копаева Лаура Сержановна – өндірістік оқыту шебері.

Конкурс қорытындысы бойынша қатысушыларға сервис және тамақтану колледжінің қатысқаны үшін сертификаттары, бағалы сыйлықтар мен өз қолдарымен жасаған пиццалар табыс етілді. Іс-шара колледждің кафесінде көңілді шай ішумен аяқталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған