Skip to content

«Abilympics» “Кондитерлік іс” құзыреттілігі бойынша

27 наурызда “Павлодар сервис және тамақтану колледжінде” “Кондитерлік іс” құзыреттілігі бойынша “Abilympics Pavlodar-2024” аймақтық байқауы өтті.

Конкурстың мақсаты: ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың жеке кәсіби тәжірибесін қалыптастыру және олардың ерте кәсіптік бағдарлау шеңберінде нақты кәсіби жағдайларды түсінуі, жұмысшы кәсіптерінің беделін дәріптеу, өңірдегі кәсіптік даярлық пен біліктіліктің мәртебесі мен стандарттарын арттыру.
Бағдарлама мыналарды қамтиды:

Модуль А. Модельдеу. Мастикадан фигура жасау, “Ертегі” тақырыбы.

Модуль В. Торттар, Гато, Антреме. Бента тортын дайындау (торттың диаметрі 14 см).

Қатысушылар: “№1 балабақша-мектеп-интернат арнайы кешені – тәлімгер Шапаева Ляззат Кенжебаевна, 4 қатысушы:

1.Захаренко Екатерина

2.Ивкина Ангелина

3.Ананьева Анастасия

4.Роппель Валерия

“Тең мүмкіндіктер әлемі” қоғамдық қоры-тәлімгер Алексеенко Галина Ивановна-2 қатысушы:

1.Алексеенко Степан Константинович

2.Қасенова Аружан Бакустаровна.

Сарапшы: Арнайы пәндер оқытушысы Ирина Александровна Пицина.

Конкурс қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға Аймақтық конкурсқа қатысқаны үшін сертификаттар табысталды. Жарыстың барлық қатысушылары биыл біздің колледжге түсуге ниет білдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған