2024 жылғы 4 мамырда Павлодар сервис және тамақтану колледжі “MamandyqFest” облыстық көрмесіне қатысып, келесі құзыреттіліктер бойынша инсталляциялар ұсынды:
– “Мейрамхана қызметі” – банкеттерге арналған шарап стақандарының пирамидасы және майлықтарды бүктеу;
– “Кондитерлік іс” – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері элементтері бар торт;
– “Аспаздық іс” – “Тәтті домбыра” және бауырсақ пен қытырлақ ұлттық қазақ тағамдары;
– “Қонақ үй бизнесі” – сүлгідерден аққулар, пілдер және аюлар.